10.10.2019, 17:57
Қараулар: 267
Оқырмандар аудандық басылымды қолдайды

Оқырмандар аудандық басылымды қолдайды

Газет-журналдарға жазылу науқанының басталуына байланысты аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Н.Жапақов Ұзынкөл ауылдық округі әкімдігі мен ауылдағы мәдениет қызметкерлері және мектеп  мұғалімдерімен  кездесу өткізді.

Басқосуда Нұрымбек Мүсәлімұлы редакцияның бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырып, аудандық газеттің тарихына тоқталды. Ол, сондай-ақ ауыл тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелер жөнінде ой өрбітті.

Өз кезегінде сөз алған аталған ауылдың әкімі Маркс Нұфтығалиев Ұзынкөлдегі «Қазпошта» байланыс торабының жабылып қалуына байланысты әзірге баспасөзге жазылу жұмысы тоқтап тұрғанын,  бірақ жақында аталған мекеме өз жұмысын бастап, жазылу бұрынғыша жүргізілетінін айтып, әкімдік тарапынан мерзімдік басылымдарға қолдау көрсетілетінін  жеткізді.

Кездесуде, сондай-ақ Ұзынкөл орта мектебінің директоры Лунаргүл Дишенова, аталған мектептің мұғалімдері Марат Ахметов, Біржан Мұхтаров, техникалық қызметкерлер Шолпан Төлепова, Венера Телағысова, Нұрлыбек Меңдібаев аудандық газеттің оқылымды болуы  жөніндегі ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Лаура ХАЛИНА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар