22.10.2019, 10:11
Қараулар: 214
Аудандық көшпелі семинар

Аудандық көшпелі семинар

Борсы ауылдық округінде аудандық демалыс орталығы мен Борсы ауылдық  мəдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мəдениеттің жаңа көкжиегі» атты аудандық көшпелі семинар өтті. Семинарға аудан орталығындағы, ауылдық округтердегі мəдениет үйлерінің қызметкерлері, Ғұмар Қараш атындағы орта мектептің мұғалімдері және қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Шараға қатысушылар алдымен Ғұмар Қараш кесенесіне барып,  баба рухына тағзым етті. Сонан кейін оның атындағы орта мектепте болып, бабамызға арналған кітап көрмесін тамашалады. Аталған ауылдық мəдениет үйінде семинар өз жұмысын бастады. Борсы ауылдық округінің əкімі Айгүл Бекқалиева семинарға қатысушыларға сəттілік тіледі. Мəдениет үйінің фойесінде əжелер, келіндер отауының жұмыстары жөнінде бұрыш жасақталып, қолөнер, сурет көрмелері қойылған. Семинарда қазіргі таңдағы мəдениеттің жайы туралы сөз қозғалды. Шара барысында Жақсыбай ауылдық мəдениет үйінің мəдени ұйымдастырушысы З.Жұмағалиева «Ауыл мəдениетіндегі салт-дəстүрдің насихатталуы», Ақоба ауылдық мəдениет үйінің хореограф маманы Қ.Бисенғалиева «Би өнерінің маңыздылығы», аудандық демалыс орталығының əдіскері А.Молдашева «Мəдени-көпшілік шаралар ұйымдастырудың жаңа форматы», Борсы ауылдық мəдениет үйінің мəдени ұйымдастырушысы М.Ихсанов «Жүргізушілік өнер сыры» туралы баяндамалар жасады. Басқосуға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Семинарды аудандық демалыс орталығының директоры Алтай Бақтығалиев қорытындылады.

Лаура ХАЛИНА

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар