6.11.2019, 9:19
Қараулар: 102
Жұмысты жандандыру қажет

Жұмысты жандандыру қажет

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Отырыс барысында аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиевтің ағымдағы жылдың 10 ай мерзімі аралығында атқарылған жұмыстар және мемлекеттік бағдарламаның орындалуы туралы есебі тыңдалды.

Аталған бөлім басшысының айтуынша, Борсы ауылдық округіндегі Тегісшіл елді мекенінде ауыз су құбырының құрылысын жүргізу жұмыстары басталған. Құрылыс жұмыстарының сметалық құны — 387 438 417,16 теңгені құрайды. Мердігер – «Жайықгазсуқұрылысы» ЖШС. Бүгінгі таңда нысан бойынша ауылішілік ауыз су құбыры тұрғын үйлер мен әлеуметтік ғимараттарға толығымен тартылды. Ауылішілік құдықтар орнатылды. Су көзі 7 шақырым жерде орналасқан скважинадан тартылады. Құрылыс жұмысының шамамен 45 пайызы орындалды. Қазіргі уақытта нысанның құрылысына қаражаттың болмауына байланысты құрылыс уақытша тоқтатылған. Құрылыстың ұзақтығы – 7,5 ай. Аталған нысанның құрылысына 2020 жылға республикалық және облыстық бюджеттен толық қаражат бөлу жоспарлануда. Бұл жұмыстың нәтижесінде ауылдағы 10 шақырым жерге ауыз су құбыры тартылып, 50 текше метр су қысымды мұнарасы, 100 текше метр резервуар, насосты станса салынады. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2020 жылға жоспарланған.

Ұзынкөл ауылдық округінің Еңбекші және Талов ауылдық округінің Майтүбек елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. ЖСҚ-ны дайындауға 4 млн.теңге қаражат жұмсалды. Еңбекші елді мекеніне су көзі Орда топтық су құбырынан, ал Майтүбек елді мекеніне су көзі 1 шақырым жердегі скважинадан тартылады. Қазіргі уақытта аталған екі жоба ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізілу үстінде. Сараптама қорытындысы 2019 жылдың қарашасында шығады деп жоспарлануда. Еңбекші елді мекеніне тартылатын ауыз су құбырының жоспарлы құны – 104 млн.теңге. Майтүбек елді мекеніне тартылатын ауыз су құбырының жоспарлы құны – 189 млн.теңгені құрайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бұл саладағы жұмысты жандандырып, жақсарту бойынша ұсыныстар енгізілді.

Н.ӨТЕЙ