20.11.2019, 11:13
Қараулар: 310
Киік атып ұсталды

Киік атып ұсталды

Аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Медет Бисақовтың бізге берген мәліметіне сүйенсек, «Браконьер» жедел іс-шарасын жүргізу кезінде ағымдағы жылы маусым айының 25 күні таңғы сағат 10.00 шамасында Күйгенкөл ауылының тұрғыны У. есімді азамат «Қарақұдық» қыстағының батыс бағытында өрісте жүрген ірі қараны қарау үшін YATIAN маркалы мотоциклімен шығады. Сол қыстақ жанында сирек кездесетін киік жануарларының келгенін байқап, бұрын далалық жерден тауып алған қос ауызды ТОЗ-54 маркалы аңшылық қаруымен пайдакүнемдік мақсатында заңсыз атып, аулаған. Киіктің бөліктері мен дериваттарын иемденіп тасымалдау үстінде «Охотзоопром» қызметкерлеріне ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚПК-нің 339 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Аталған ауыл тұрғыны мемлекетке 7 575 000 теңге көлемінде залал келтірген. Іс аудан прокурорының қолдауымен аудандық сотқа электронды түрде жолданып, күдікті азамат бір жыл алты ай бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Мемлекетке келтірген 7 575 000 теңге көлеміндегі залалын мәжбүрлі түрде өндіруге үкім шығарылды. Сонымен қатар қос ауызды ТОЗ-54 маркалы аңшылық қару мен киіктің 4 дана мүйізі жойылды.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ