29.11.2019, 15:46
Қараулар: 111
Қоғамдық кеңестің отырысы

Қоғамдық кеңестің отырысы

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелері мен күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша баяндамашылар қатысты. Ағымдағы жылдың 17 қазан күні «Атамекен» ҚР ҰКП-ның кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаужәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес отырысының ұсынысы бойынша ауданда ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі шаралар туралы хабарламалар тыңдалды. Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, қаражаттың нақты қайда жұмсалғанын баян етсе, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев ҚР Бюджет Кодексінің 109 бабына сай және облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 22 қарашадағы №31-2 шешімі негізінде кейбір бюджеттік бағдарламалар бойынша аудан бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу хақында ұсынысын жеткізді. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы атқарылған жұмыстары бойынша тауар, жұмыс, қызмет сатып алу бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары орын алмағанын айтты. Аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешев Жәнібек ауданының елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы ұсынысын баян етті. Аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов Жәнібек ауданының әкімшілік-аумақтық қүрылысын өзгерту, нақтырақ айтсақ Жігер және Ақадыр елді мекендеріндегі тұрғындардың саны елуге жетпеуіне байланысты қыстақ статусына ауыстыруды ұсынды, сонымен қатар жергілікті атқарушы орган қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы қысқаша хабарлама жасады.

Күн тәртібінде тыңдалған барлық хабарламалар талқыланып, Қоғамдық кеңес отырысында оң бағаланды.

Гүлзара МӘДИ