4.12.2019, 15:57
Қараулар: 911
Тау ауылында жаңа әкім

Тау ауылында жаңа әкім

2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бап 1-тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы №220-ө өкімімен Нұрлыбек Берікқалиұлы Төрешов Тау ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды. Билік тізгінін қолына алған Нұрлыбек Берікқалиұлы таулықтарға ауылды көркейтуге бар күшін жұмсайтынын айтып, жұдырықтай жұмылып, жұмыс істеуге шақырды.

***

Нұрлыбек Берікқалиұлы Төрешов 1988 жылы 17 тамызда БҚО, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2014 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2011 жылы Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратының статисі болып бастаған. 2013-2016 жылдар аралығында Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2016-2017 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтері мониторингі бөлімінің бас маманы, 2017-2018 жылдар аралығында Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтері мониторингі бөлімінің басшысы, 2018 жылдың шілде айынан бастап Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметін атқарып келді.

Отбасылы, екі қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ