30.12.2019, 12:02
Қараулар: 463
Ұзынкөл ауылында жаңа әкім

Ұзынкөл ауылында жаңа әкім

 

2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 15-бап 1-тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы  № 231-ө өкімімен Бекежан Биболатұлы Шарафутдинов Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалды. Билік тізгінін қолына алған Бекежан Биболатұлы  ұзынкөлдіктерге ауылды көркейтуге бар күшін жұмсайтынын айтып, бірлікпен жұмыс істеуге шақырды.

***

Бекежан Биболатұлы Шарафутдинов 1987 жылы 24 маусымда Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында дүниеге келген. Ұлты- қазақ. Білімі жоғары, 2008 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «География пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы Т.Жароков атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі қызметінен бастап, 2010-2011 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының статисті, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің жетекші маманы, Ұзынкөл  орта мектебінде директордың уақытша міндетін атқарушысы боп қызмет атқарған.2011- 2013 жылдары Т.Жароков атындағы  орта мектепте тәлімгер, 2013- 2017 жылдары Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, 2017 жылдың ақпан айынан бастап күні бүгінге дейін Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы боп қызмет атқарды.

Отбасылы, үш ұл тәрбиелеп отыр.

Ә.ҚУАНҒАЛИЕВА

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар