6.01.2020, 16:47
Қараулар: 1132
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің 2020 жылғы 6 қаңтардағы №1-ө өкімімен Миранбек Нұрланұлы  Ибатов «Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

***

Миранбек Нұрланұлы  Ибатов 1974 жылы 8 қарашада Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тегісшіл ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ, білімі -жоғары. 1998 жылы Орал педагогикалық колледжін «бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша, 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих және география пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

1991-1993 жылдары Орал геофизикалық экспедициясында ІІ разрядты топоотрядтың жұмысшысы;

1993-2005 жылдары Тегісшіл негізгі білім беретін мектебінде мұғалім;

2005-2006 жылдары Тегісшіл орта білім беретін мектебінің қосымша білім беру педагогі;

2006-2007 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімінің істің орындалуын бақылау жөніндегі бас маманы;

2007 – 2008 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің бас маманы;

2008 жылы маусым- тамыз айлары аралығында Тау ауылдық округінің әкімі;

2008-2009 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және қаржы шаруашылық жұмыс бөлімінің бөлім меңгерушісі;

2009-2010 жылдары Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің бас маманы;

2010-2012 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы;

2012-2013 жылдары Жәнібек ауданы әкімінің бас инспекторы;

2013 жылы тамыз-қазан айларында Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы;

2013- 2016 жылдары Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары;

2016 жылдың шілде айынан сол жылдың 29 желтоқсаны аралығында Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарды;

2016-2018 жылдары Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы;

2019 жылдың қаңтар айынан бастап күні бүгінге дейін Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеп отыр.

Ә.САДЫҚ