12.02.2020, 18:22
Қараулар: 922
Жаңа тағайындау

Жаңа тағайындау

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 15-бабының 1-тармағына және 29 бабының 5-тармағына сәйкес, аудан әкімі Азамат Сафималиевтің №21-ө өкімімен Асхат Хамитұлы Молдағалиев  аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Ел тізгінін қолына алған Асхат Хамитұлы ауданның дамуына сүбелі үлес қосу үшін аянбай еңбек ететінін жеткізді.

Асхат Хамитұлы Молдағалиев  1981 жылы 13 желтоқсанда Жәнібек ауданының Жәнібек ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білім жоғары. 2002 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Химия және
биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 2002 жылы Т.Жароков атындағы жалпы
білім беретін орта мектебінде химия және биология пәндерінің
мұғалімі қызметінен бастаған.

2002-2008 жж. Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

2010-2012 жж. А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің химия және биология пәндерінің мұғалімі;

2012 ж. Ұзынкөл жалпы білім беретін орта мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы;

2012-2013 жж. Ақоба ауылдық округінің әкімі;

2013-2014 жж. А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебі директорының міндетін уақытша атқарушы;

2014-2015 жж. А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін негізгі мектебінің директоры;

2015 – 2017 жж. «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары;

2017 жылғы 17 қазаннан бастап  арнайы тексерістен өткенше Жәнібек ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы.

2018 жылдың 4 қаңтарынан бастап Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін абыройлы атқарып келді.

 

Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр.

Ә.САДЫҚ