2.03.2020, 14:52
Қараулар: 540
Мал ұрлағандар ұсталуда

Мал ұрлағандар ұсталуда

2020 жылдың 24–28  ақпан айының күндері аралығында мал ұрлығы қылмысының алдын алу, ашу, аталған қылмыспен айналысып жүрген қылмыстық топтарды ұстау бойынша Жәнібек ауданы көлемінде «Мал ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Аталған жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жәнібек АПб-нің жеке құрамы арасынан 14 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар, Жәнібек ауданы бойынша Ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінен 1 қызметкер іс-шараға қатыстырылды. Іс-шара барысында барлығы 3 тұлға мал ұрлығы қылмыс үшін ұсталды. 3 автокөлік ет өнімдерін Орал қаласына тасымалдап бара жатырған уақытта тоқтатылып, заңдылығы тексерілді. 2 ет өнімдерін сату орындары және 17 тұлға мал ұрлығы қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында барлығы 3 қылмыс ашылды. Мәселен, осы жылғы 25 ақпан күні аудан тұрғыны М. есімді азамат 1 бас мал ұрлығы үшін ұсталса, 2018 жылғы 21 қараша күні белгісіз тұлғалар Жәнібек ауылында орналасқан тұрғын үйге заңсыз еніп, 1 бас қой малын жасырын ұрлап, оқиға болған жерден бой тасалаған (өткен жылдары жасалып ашылмаған қылмыс). 2020 жылғы 26 ақпан күні аудан көлемінде қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аудан тұрғыны А. есімді азаматы ұсталып, қылмыстық іс бойынша заңды шешім қабылданды. Сол сияқты 2020 жылғы 28 ақпан күні ауданы тұрғыны Р. есімді азамат 1 ірі қара малын еркін жайылмнан ұрлағаны анықталып, ұсталып, қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Аталған бағыттағы қылмыстардың ашылуы өткен жылмен салыстырғанда жоғары деңгейде.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар