4.03.2020, 17:05
Қараулар: 412
Айыппұл салынды

Айыппұл салынды

Қазіргі кезде облыс орталығынан аудан, ауылдарға жолаушыларды  заңсыз тасымалдау тыйылмай отыр. Заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алу бағытында аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және жергілікті «Шұғыла» газетінің тілшісі бірлесіп заңсыз тасымалдың жолын кесу және оларды ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1 бөлігіне сай әкімшілік жауапкершіліке тарту жөнінде рейдтік іс-шара жүргізілді. Іс-шара барысында ағымдағы жылдың 18 ақпан күні Жәнібек-Қазталов тас жолының 153 шақырымында А. есімді азаматтың басқаруындағы «Лада ларгус» маркалы автокөлігі тоқтатылып, Орал қаласынан 5000 теңгеге жолаушы тасымалдап келе жатырғаны анықталды.  Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, аудан сотының шешімімен 27836 теңге айыппұл салынды.

-Егер ҚР азаматы шет мемлекетте тіркелген автокөлік құралдарымен Қазақстан Республикасының аумағында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 575-бабы 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылады. Оған 100 айлық есептік көрсеткіш 265100 теңге айыппұл салынатын болады. Алдағы уақытта да аталған бағыт бойынша жұмыстар жалғасын табады. Сол себепті жүргізушілер заңсыз жолаушы тасымалын тоқтатып, заңды түрде тіркелулерін сұраймын, — деді аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Мейрамхан Бапахов.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ