4.03.2020, 17:20
Қараулар: 569
Жүргізушілерге заң қатаңдатылды

Жүргізушілерге заң қатаңдатылды

Жүргізушілер арасында күнделікті профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жүргеніне қарамастан, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік басқаруға болмайтынын біле тұрып, қасақана көлікті басқару фактілері жиі кездесуде. Ол дегеніміз жүргізушінің жол жүру ережелерінің талаптарын өрескел бұзу болып саналады. — Қазіргі таңда көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерге заң қатаңдатылды, — дейді аудандық полиция бөлімі әкімшілік полция бөлімшесінің бастығы Мейрамхан Бапахов. Оның айтуынша, көлікті басқарғаны үшін көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған тұлғаға 10 тәулік әкімшілік қамау немесе 50 айлық есептік көрсеткіш айыппұл көзделген.

— Осыған орай аудан аумағында аудандық полиция бөлімінің әкімшілік және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп жол қауіпсіздігін қадағалау және жол көлік оқиғаларының алдын-алуға бағытталған рейіттік іс-шаралар жүргізу кезінде  ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бүгінге дейін 3 көлік жүргізуші көлікті жүргізу құқығынан айырылғанмен көлік басқарғаны анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3 бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Екі жүргізушіге аудандық соттың шешімен 10 және 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау, 1 жүргізушіге  92785 теңге көлемінде айыппұл салынды. Алдағы уақытта көлік басқару құқығы жоқ тұлғалардың көлікті жүргізбеуі талап етіледі, — дейді полиция капитаны Мейрамхан Бапахов.

Гүлзара МӘДИ