16.03.2020, 15:40
Қараулар: 1255
Аудан әкімі аппаратында жаңа басшы

Аудан әкімі аппаратында жаңа басшы

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиевтің 2020 жылғы 16 наурыздағы №42-ө өкімімен Нұрсұлтан Каримоллаұлы Серік аудан әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

***

Нұрсұлтан Каримоллаұлы Серік 1991 жылы 22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ақтау ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Техника және технология бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2012 жылы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша бастаған. 2012-2013 жылдар аралығында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бас маманының міндетін уақытша атқарушы, 2013 жылы аталған мекеменің бас маманы, 2013-2014 жылдары Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы газдандыру және электрлендіру бөлімінің бас маманы, 2014-2016 жылдар аралығында БҚО әкімі аппараты талдау және бақылау бөлімінің бас маманы, 2016-2017 жылдары Тасқала аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы, 2017 жылдың тамыз бен қазан айлары аралығында Тасқала ауданы, Ақтау ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы, 2017-2018 жылдары Тасқала ауданы, Ақтау ауылдық округінің әкімі, 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарып келген.

Гүлзара ТІЛЕКҚАБЫЛҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар