18.03.2020, 15:14
Қараулар: 273
Жария мүдделi ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге беруі туралы

Жария мүдделi ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге беруі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1173 Қаулысымен бекітілген «Қаржылық есептілікті депозитарийге беру қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың 4-тармағы бойынша ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей уәкілетті орган депозитарий жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға айқындаған ұйымға заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген, уәкілетті орган бекіткен тізбе мен нысандарға сәйкес жасалған, жылдық қаржылық есептілікті береді. Қайтадан құрылған ұйымдар ол тіркелген сәттен бастап сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезең үшін жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген Қағидада қаржылық есептілікті тапсыру туралы негізгі көрсеткіштері келтірілсе, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 239 және 250-баптарында қаржылық есептiлiктi ұсынудан бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып ұсыну не оны дәлелді себепсіз ұсынбау және мiндеттi аудит жүргізуден жалтаруға әкімшілік жаза қолдану қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен жүргізілген талдаумен 2018 жылы біздің облысымыз бойынша 17 жария мүдделi ұйымдар (бұдан әрі — ЖМҰ) депозитарийге қаржылық есептілікті, оның ішінде 13 ұйым қаржылық есептілікті, 4 ұйым аудиторлық есептілікті ұсынбаған.

Департаментпен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 239-бабымен 10 ұйым  қаржылық есептілікті, 250-бабымен 2 ұйым аудиторлық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийге ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұндай бұзушылықтарды жібермеу үшін барлық жария мүдделі ұйымдар  депозитарийға есептілікті уақтылы ұсынуға қатысты тиесілі шаралар қабылдаулары тиіс. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудит жүргізу міндетті ұйымдар уақтылы қаржылық есептілік аудитін жүргізуі қажет.

 

ҚР Қаржы министрлігі Ішкі

мемлекеттік аудит комитетінің

БҚО бойынша ішкі

мемлекеттік аудит департаменті

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар