29.05.2020, 11:16
Қараулар: 388
Жасанды астан абай бол

Жасанды астан абай бол

Бүгінде тәтті қат дүние емес. Кәмпит-сәмпиттерді сандыққа салып, аузын құлыптап, қонақ келгенде ғана дастарханға шығаратын апа-әжелеріміздің заманы өткен баяғыда. Қазір кез келген азық-түлік дүкеніне кірсеңіз тәтті атаулының неше түрі самсап тұр. Теледидардағы жарнамасы да мықты. Тіпті шөлдемесе де, қонақта отырғанда тамаққа сылқия тойып алып, «тоқтықты басады» деп, «коланы» қотаратындар бар.

Әрине, қақпағын «пыш» еткізіп ашып, ыдысқа шүпілдетіп құйғанда көбігі басылып, бел ортасында қалатын тәтті сусындардың адам денсаулығына зияны бірден білінбейді. Дәл содан бүгін-ертең ауыра қоймайсың. Ке — рек десеңіз, «тағы ішші» дегендей, аузыңды құрғатып тұратынын қайтерсің. Бірақ, тәтті сусындардың түбінде денсаулыққа зиян екенін түсінген адам су емес, у ішіп жүргендей әрі-сәрі күйде болары анық. Қысқасы, осы тәтті сусындардың салдары — нан біз тек денсаулығымыздан ғана емес, жиған-терген байлығымыздан да айыры — лып жатыр екенбіз. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, елімізде қанты көп сусындарға салынатын салық өте төмен. Сол себепті шылым, арақ, қанты көп сусындарға салықты он пайызға көтеру керек дейді мамандар. Тәтті сусындар, тіпті салқындатылған шәй деп сатылып жатқан пластмасса құтыдағы сусынның өзі адамды тез семіртіп, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесі, әр түрлі ісік ауруларына шалдықтыратын көрінеді. Сонда біз тәтті сусындардың саудасын жүргізіп, денсаулығымызды өз қолымызбен құртамыз және содан ауру тауып, денсаулығымызды түзеу үшін тағы ақша жұмсаймыз. Аталған банк елімізде осы мәселе бойынша зерттеу жүргізіп, тәтті сусындарға салынған салықтың тым аз екенін, осыдан ел қазынасы 182 млрд. теңгеден қағылып отырғанын айтыпты.

— Әрине, әр адамның денсаулығы оның тұрмыс салтына байланысты. Дегенмен, тәтті сусындар тым көбейгелі бері елімізде дертке шалдығып, ем алған жандардың 50 пайыздан астамы инфекциялық емес аурулармен ауырған. Сондай-ақ дерт сал — дарынан қайтыс болғандардың 60 пайызы да осы инфекциялық емес аурулардың үлесінде. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің дерегінше, соңғы бес жылда елімізде жүрек-қан тамыр жүйесі дертіне шалдыққандардың саны 16 пайызға, қатерлі ісікпен ауыратындардың саны 24 пайызға, ал қант диабетіне шалдыққандардың саны 30 пайызға көбейген. Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан ел тұрғындарының 33 пайызында артық салмақ пайда болған. Бұл 6 млн. адам деген сөз. Мектеп оқушыларының 50 пайы — зы газдалған тәтті сусындарды үнемі пай — даланады. Соның салдарынан 8-9 жастағы балалардың 20 пайызы, еліміздегі барлық балалардың 3,2 пайызы семіздік ауруы — на шалдыққан. Соған қарамастан елімізде балалар көретін телеарналарда сусындар жарнамасы көп. Бүгінде бұл өте кең таралған өнімдер болып тұр. Бірақ, кез келген істің астарында адам денсаулығы басты на — зарда тұруы тиіс. Халықтың денсаулығын жақсарту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама бойынша тәтті сусын — дар құрамындағы қанттың мөлшерін азайту туралы нақты тапсырма берілген еді. Осы — дан кейін халық денсаулығын сақтау туралы кодекске де өзгертулер енгізіліп, шылым, қанты көп сусындарға салықты көбейту мәселесі тайға таңба басқандай жазылған болатын. Енді бұл тапсырмалар жүзеге аса ма, жоқ әлде әңгіме күйінде қала ма? Бұл ұлт денсаулығы үшін өзекті мәселе, — дейді аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігері Нұрзия Ишниязова.

Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерінің гендік модификацияға ұшырауы адам — затты алаңдатып отырған мәселенің бірі. Бұл дегеніміз – жасанды жолмен зертха — на жағдайында өндірілген, жалпақ тілмен айтқанда будан өнімдер. Мәселен, Амери — када жеміс-жидекке жанды ағзаның (орга — низм) ДНК-сын қосып будан өнім шығару ісі әлдеқашан жолға қойылған. Бұл тәжірибе қазір Қытай экономикасының да жетістігі саналуда. Мысал ретінде айтсақ, америкалық ғалымдар камбаланың ДНК-сын қосып қызанақтың жаңа сортын ойлап тапқан.

-Будан өнімнің басты ерекшелігі – тез бұзылып, іріп-шірімейді, құрт жемейді. Бүгінде ең көп гендік модификацияланған өнімдердің қатарына қызанақ, соя, жүгері, арахис, бидай, картоп, яғни халық жиі тұтынатын өнімдер жатады екен. -Будан өнімдер адамның денсаулығына аса зиянды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ресейдің биологтары егеуқұйрықтарға тәжірибе жасап көрген. Әуелі оларды екі топқа бөліп, біріншісін әдеттегі азықпен, екіншісін гендік модификацияланған азықпен жемдейді. Нәтижесінде таза азықпен қоректенген егеуқұйрықтардың 7 пайы — зы, ал будан азықпен қоректенгендердің 56 пайызы өлген. Сол себептен болса керек, ресейлік дәрігерлер өз отандаста — рына сырттан келген будан өнімдерді, соның ішінде сәбилерге арналған тағам түрлерін тұтынбау керектігін айтуда. Дұрыс тамақтануды адамның денсаулығын нығайтатын, кез келген аурудың алдын алуға септігін тигізетін, қалыпты өсу мен дамуды қамтамасыз ететін үрдіс деп түсінген жөн. Дұрыс тамақтанбау адамның ет, сүт, балық, жемістер мен көкөністер сияқты биологиялық құнды азық-түлік өнімдерін жеткіліксіз тұтынуымен сипатталады. Қазір көпшілікте дәрумендердің, яғни маңызды минерал — дар мен микроэлементтердің (кальций, темір, йод, фтор) жетіспеушілігі байқалады. Сол себепті асқазандағы процестерді күрделендіріп, оның жұмысын жылдамда — татын өнімдерден (газдалған тәтті сусын, шоколад, мармелад, балмұздақ) бас тартқан немесе мөлшерін азайтқан жөн. Себебі, олар семіздікке, қант диабетіне және тіс жегісіне алып келеді, — дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Іңкәр Хасаинова.

Тағы бір есте ұстайтын нәрсе, сауда орындары мен базарларда сырты мұнтаздай тап-таза жеміс-жидектер мен көкөністер тізіліп тұрады. Жеп көрсеңіз не дәмі, не сөлі жоқ. Содан кейін бұл гендік модификацияның көмегімен өндірілген, шеттен әкелінген жа — санды жемістер емес пе екен деген күдік туа — ды. Бұндай өнімдердің адам денсаулығы мен ағзасына өте зиян екенін де біле бермейміз. Біз қауіп еткеннен айтамыз. Мұндай өнімнен барынша сақ болайық, ағайын!

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ