15.06.2020, 15:06
Қараулар: 296
Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы

 

Батыс Қазақстан облысының аумағында

коронавирустық инфекцияның (COVID-2019)

таралуына жол бермеу бойынша шектеу

шараларын енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 150-бабы,  21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі — БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі — КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және өзге де адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салуды белгілеу;
  2. Барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының (тек кезекші топтардың жұмысына рұқсат беру), қалалық демалыс паркінің, ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулалардағыны қоспағанда), түнгі клубтардың, компьютерлік және ойын клубтарының, кальяндық, букмекер кеңселерінің, балалардың сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерінің, кейтерингтік қызметтер көрсету және мерекелерді ұйымдастыру қызметтерін, діни нысандар қызметін тоқтата тұру.
  3. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін:

— персонал мен қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен (бетперде, қолғаппен) қамтамасыз ету;

— үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлерінде санитайзерлер орнату;

— келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз жібермеу;

— үй-жайдың ішінде және сыртында адамдар арасында кемінде 2 метр   әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау;

— үй-жай ішіндегі адам саны бойынша шектеу қою — 20 шаршы метрге 1 адамнан артық емес;

— үй-жай ішінде кезекте 5 адамға дейінгі шектеудің сақталуын бақылау;

— үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау күніне 2 реттен кем емес;

— келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қашықтық термометрияны (қол тепловизорын) жүргізу;

— жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (карталар, телефондағы қосымша)  үшін жағдайды барынша қамтамасыз ету.

  1. 2020 жылдың 15 маусымынан бастап жұмыс уақыты мен режимі бойынша келесі шектеулер белгіленсін:

— жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын «қашықтықтан» жұмыс жасау формасына ауыстыру;

— ХҚКО онлайн режимінде қызмет көрсетуге өту, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді алдын-ала жазу бойынша жүзеге асыру (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін);

— медициналық орталықтар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар сауда сөрелері арасындағы қашықтықты сақтай отырып, азық-түлік өнімдерін сату тек өлшеп-оралған түрде, көкөніс пен жемістерді қоспағанда, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жүргізілуі тиіс;

— азық-түлік дүкендері (азық-түлік өнімдерін сату, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс) сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін;

— мейрамханалар/барлар/дәмханалар/асханалар және басқалары (бір уақытта 30 адамнан аспайтын келушілер санымен), қоғамдық тамақтану нысандарында кальяндарды пайдалануға тыйым салынады, үстелдердің арасындағы қашықтықты 2 метрден кем емес сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;

— ауданы 2000 ш. м. дейінгі азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар), сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері) сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін, сауда нысандарының аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалар және басқа да ойын-сауық орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру нысандарының (асханалар, фуд-кордтар және басқалар) қызметін қоспағанда;

— банктік қызметтер, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

— қонақүйлер, казармалық режимге және карантиндегі науқастарды орналастыруға арналғандарды қоспағанда;

— медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;

— түзету кабинеттері (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;

— шаштараздар, сұлулық салондары барлық қызмет түрлері (алдын-ала жазылу бойынша), сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (біріккен бөбекжай және 1-ші кіші, 2-ші кіші, орта, біріктірілген үлкен және мектепке дейінгі топтар, бірақ әр жас тобында 15 баладан артық емес), жатын бөлмелерде 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау. Балабақшаның медициналық қызметкері барлық қызметкерлер мен балаларды күнделікті таңертеңгілік фильтрден өткізуі тиіс. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда) бар балаларды қабылдау. Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар балалар мен қызметкерлерді жұмысқа жібермеу;

— білім беру орталықтары, үйірмелер, балалар даму орталықтары (10 адамнан көп емес), сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;

— спорттық нысандар (тек ашық ауада, 30 адамға дейін спортшылар үшін, көрерменсіз); 30 адамға дейін спортшылар үшін теннис корты, көрерменсіз;

— мәдениет нысандары (қызметкерлер үшін 30 адамға дейін, көрерменсіз);

— сауналар, жеке моншалар, қоғамдық моншалар 20 жуынатын орынға дейін, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін;

— фитнес-орталықтар (10 адамнан артық емес), СПА салондар, сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін;

— 2020 жылдың 20 маусымынан бастап балаларға арналған нысандарды қоспағанда, сауықтыру және санаториялық нысандардың (толтырылуы нысанның жобалық қуатының 50%-нан аспайтындай) жұмысына рұқсат етілсін. Демалушыларды қабылдауды денсаулық жағдайы туралы анықтамалармен және COVID-2019 зертханалық зерттеулердің нәтижелерімен (ПТР тәсілімен) жүзеге асыру қажет.

  1. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесін белгілеу:

Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде әрекет ететін болады.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептик құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперде, қолғаппен) рұқсат етіледі.

Такси жеңіл көлігінде 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

  1. Орал және Ақсай қалалары, БҚО аудандарының елді мекендерінде ағымдағы ауқымды дезинфекциялауды жүзеге асыру:

Ағымдағы дезинфекциялау келесідей аумақтарды өңдеу/өңдеу жиілігін қарастырады:

— карантиндегі емдеу мекемелері – аптасына 2 рет, сейсенбі және сенбі күндері;

— азық-түлік базарлары – күн сайын;

— тротуарлар, аялдама павильондары, алаңдар, саябақтар, гүлзарлар, контейнерлік алаңдар – күн сайын;

— мемлекеттік мекемелер мен жұмысы тоқтатылмаған өзге де ұйымдардың ғимараттары – аптасына бір рет;

— тұрғын үй кварталдарының аула аумақтары мен тұрғын үй кіреберістері — Орал қаласы/аудандардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімдерінің  басқаруымен және кесте бойынша.

Ағымдағы дезинфекциялау арнайы Дезотрядтармен жүргізіледі, процедура барлық тартылған қызметтермен келісілген (ТКҚСҚБД, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері).

Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келмеуі үшін өңдеуден кейін 5 сағат ішінде далаға шықпау ұсынылады.

Халықпен алдын ала байланыс орнату (БАҚ, әлеуметтік медиа, баннерлер, кіреберістерге үнпарақтар) қала/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен, ауылдық, кенттік округтер, қала және аудан әкімдері аппараттарымен жүзеге асырылады.

  1. Ішкі саясат басқармасы Орал қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесе:

1)   БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарды қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы кеңінен ақпараттандыруды жүзеге асыру;

2) тұрғындар үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднама, соның ішінде барлық қажетті шұғыл және авариялық қызметтердің байланыс телефондарын көрсете отырып, көшелерде жүру ережелері, сақтық шараларын сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеу;

3)   жағдайдың өзгеруі және науқастар санының өсуін есепке ала отырып, БАҚ-тың жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз ету.

  1. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті Орал қаласы және аудан әкімдерімен бірлесіп, халықты қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы хабардар ету мақсатында қалалық хабарлау жүйесін, сондай-ақ дауыс зорайтқыш арқылы дикторлардың дауыстап хабарлау жүйесін іске қосу.
  2. БҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің келесі қаулыларының күші жойылды деп есептелсін:

— «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр Қаулы;

— «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 мамырдағы №15-ПГВр Қаулы;

— «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 23 мамырдағы №16-ПГВр Қаулы;

— «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 23 мамырдағы №17-ПГВр Қаулы;

— «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 мамырдағы №18-ПГВр Қаулы;

— «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №14-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 маусымдағы №19-ПГВр Қаулы.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері
М.АРЫСПАЕВ