18.06.2020, 17:12
Қараулар: 128
ҰБТ-ҒА СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ

ҰБТ-ҒА СЕНІММЕН БАРАЙЫҚ

Биыл ауданда барлығы 114 оқушы мектеп бітірді. Олардың 108-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірді. Бұл ҰБТ-ға қатысушылар 94,7 пайыз құрайды деген сөз. Таяуда, дәлірек айтқанда, маусым айының 22-23 күндері Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының түлектері екі лекпен сынақ өтетін пунктке келіп, бірінші сапта 105, екінші сапта 114 түлек тест тапсырады.

Аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Аққу Нұрғалиева үстімізгі жылы тест тапсырушыларға калькуляторды пайдалануға рұқсат етуді бұрын-соңды болмаған басты жаңалық етіп айтты.

-Тыйым салынған құралдарды (ұялы телефон, планшет, пейджер, сымсыз құлаққап, тағы басқалар) кіргізген, қолданған оқушылар аудиториядан шығарылады, барлық жинаған балы есепке алынбайды, — деді ол. -Тест аяқталғаннан кейін Digital agent бағдарламасы арқылы тексеріледі, тыйым салынған құрылғыларды қолдану дерегі анықталған жағдайда жинаған баллдары күшін жояды. ҰБТ өтетін ғимаратқа кіре берісте металл іздегішпен тексеру алдында құралдарды сақтайтын орындар болады. Металл іздегішпен тексеру кезінде тыйым салынған құрылғылар анықталған жағдайда тест тапсырушы ҰБТ-ға жіберілмейді.

Аққу Аманкелдіқызы, сондай-ақ емтиханға арналған аудиторияларда кондиционерлер орнатылып, медициналық кабинет жұмыс істеп, дәрігерлер мен медбикелер, жедел жәрдем көлігі міндетті түрде кезекшілік жасайтындығын тілге тиек етті. «Қазіргі жағдайға байланысты сынаққа қатысушыларға сақтық әрекет-амалдары қолданыла ма?» деген сауалға ол жалпы білім беретін мектептердің оқушылары тестілеу орындарына өз бетінше, ұйымдасқан тасымалдау кезінде автокөлікте күшейтілген санитарлықдезинфекциялық режимді міндетті түрде сақтау (жұмыс күні ішінде қолғаптарды, медициналық маскаларды пайдалана отырып, оларды әрбір 2 сағат сайын уақтылы ауыстыру шартымен көлік құралын басқару), отыруға арналған орындар санынан аспайтын мөлшерде балалардың көлікке жіберілетінін айтты.

-Емтихан тапсырушылардың өзімен бірге көлемі 100 мл-ден аспайтын антисептикалық құралдың, маскалардың (ауысым үшін әрбір 2 сағат сайын жеткілікті мөлшерде бір рет қолданылатын), 0,5 л суы бар бөтелкелердің болуы міндетті. Ата-аналар аттестацияны өткізу орындарының аумағына жіберілмейді, оқушыларды күту кезінде адамдар бір жерде 5 адамнан артық болмауы тиіс. Сол сияқты тепловизорлар болуы керек. Оқушыларды тестілеуге жіберу үшін дене қызуын өлшеу жүргізіледі. Ғимаратқа кіре берісте үзілісті сақтау бойынша талаптар сақталуы тиіс (2 метрден кем емес қашықтық), оқушылардың жиналуын ескерту үшін бірнеше рамалы металл детекторларды орнату және ғимаратқа қосымша кіру жолдарын ұйымдастыру мәселесі қарастырылады, — деді ол.

А.Нұрғалиевадан қызметкерлер мен комиссия мүшелерінің, емтиханға тартылған басқа да адамдардың жеке қорғану құралдарыменмаскалармен, балаларды аудиторияда отырғызу кезінде 2 метрден кем емес қашықтықты сақтайтынын, бір рет қолданылатын стакандары бар кулерлердің, ыдыстағы судың, емтихан өткізу орындарында санитайзерлер, санитарлық тораптарда қолды жұмыс жағдайында кептіруге арналған аппараттардың және үнемі сабынның болуы қажеттігін білдік. Бұл болмаған жағдайда қосалқы бір рет қолданылатын маскаларды қарастыру, жуу және дезинфекциялау құралдарының жеткілікті қорының қажеттігін анықтадық. Қазіргі уақытта аудан мектептерінде ҰБТ өткізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Н.ӨТЕЙ