19.06.2020, 11:25
Қараулар: 715
Сотталғандар тексеріледі

Сотталғандар тексеріледі

Биыл маусым айының 15-сі мен 25-күндері аралығында  «Шартты түрде сотталған атты республикалық профилактикалық  іс-шарасы өтуде. Осыған байланысты аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары және аудандық пробация қызметінің инспекторы есебіндегі шектеу,шартты түрде жазаларына, қоғамдық жұмысқа тартылған, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айрылған сотталғандардың  тұрғылықты жерін  бірлесіп тексеруде. Күні бүгін есепте тұрған 35 адамның 20-ы тексерілді. Алдағы уақытта қалғандары да тексеруден өтеді. Өтіп жатқан шара барысында сотталғандарға бақылау және қадағалау жасауды жүзеге асыру үшін оларға ықпал ететін немесе олар жайлы мәліметтер бере алатын сотталғандардың тума-туыстары, достары мен көрші-көлемдерінен пікір,мінездеме,анықтамалар алынады. Өтіп жатқан шараның ықпалы зор. Өйткені  сотталғандардың  тума-туысқандарымен сұхбаттасқан кезде,олардың тұлғасын зерделейтін мәліметтер анықталады. Бұл жедел-профилактикалық шараның негізгі мақсаты есепте тұрған тұлғалардың тарапынан құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмыстың қайталануын уақтылы анықтау болып саналады.

                                                                                                     Аслан ҚОШМЕТОВ,

            аудандық пробация қызметінің  инспекторы,

әділет  кіші лейтенанты