7.08.2020, 17:22
Қараулар: 582
Батыс Қазақстан облысы  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Батыс Қазақстан облысы  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді

Батыс Қазақстан облысы  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі № 22-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

  

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 2-тарауының 3, 4-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі — БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі — КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі № 22-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы» қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақтың 1.2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Жедел жәрдем, авариялық қызметтер және басқа да арнайы органдардың автокөлігін; Орал қаласының/Батыс Қазақстан облысы аудандарының тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың (коммуналдық қызмет) автокөлігін, сондай-ақ кәсіпорындар/ұйымдардың түнгі ауысымдарында жұмыс жасайтын тұлғалардың автокөлікте жүруін және аса қажет болған жағдайларда (дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару) жеке автокөліктің жүріп-тұруын қоспағанда, сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөліктің жүруіне тыйым салынсын.

Өзге де дәлелді себептермен сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүріп-тұру қажет болған жағдайда  http://www.STOPCOVID.KZ. сайтына тіркелу немесе «109» телефоны бойынша өтінім қалдыру қажет.

Рұқсат алынғаннан кейін көрсетілген сағаттарда жүруге рұқсат етіледі.

1-тармақтың 1.6-тармақшасының 7 абзацы келесідей редакцияда жазылсын:

Қоғамдық тамақтану нысандарына (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін) тек ашық ауада (жазғы алаңдар) ұжымдық іс-шараларды өткізбей (30 орынға дейін, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істеуге, сондай-ақ белгіленген уақыт аралығында жеткізу және шығарып беру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі;

1-тармақтың 1.7-тармақшасы келесідей мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

Қоғамдық автокөліктің жұмысы келесі күндері (сенбі, жексенбі): 2020 жылдың 8, 9, 15, 16 тамызы күндері тоқтатыла тұрсын (саяжай маршруттарына қызмет көрсететін қоғамдық автокөлікті қоспағанда, қозғалыс кестесін белгілеумен сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін, сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін).

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап заңды күшіне енеді.

 

 

Батыс Қазақстан облысының

                                                                                                                           Бас мемлекеттік санитариялық 

                                                                                                                                                 дәрігері М.Арыспаев