17.08.2020, 10:33
Қараулар: 190
17 тамыз күні күшіне енген Қаулы

17 тамыз күні күшіне енген Қаулы

 

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, 2-тармағының 3) тармақшасын, 104-бабының 2, 3, 4, 7-тармақтарын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының 2-тарауының 3, 4-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі — БҚО) халқы арасында коронавирустық инфекциямен (бұдан әрі — КВИ) сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында және БҚО аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Батыс Қазақстан облысы аумағында:
  2. Банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, салтанатты, отбасылық, естелік, салттық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (оның ішінде үйде өткізілетін іс-шараларды) өткізуге тыйым салу белгіленсін;
  3. Өңірлер арасындағы жолаушылар автобус қатынасын тоқтата тұру;
  4. Сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлердің, бассейндердің, жағажайлардың; барлық ойын-сауық нысандарының (ашық ауадағы аттракциондарды қоспағанда), кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, ойын алаңдарының барлық түрлерінің (аулалардағыны қоспағанда); түнгі клубтардың, барлардың, караокенің, компьютерлік және ойын клубтарының; кальяндық, букмекерлік кеңселердің, кейтерингтік қызметтер көрсетудің және мерекелерді ұйымдастыру жөніндегі қызметтердің; діни нысандардың, сондай-ақ барлық мәдениет нысандарының (театрлардың, концерт залдарының, мұражайлардың, көрмелердің, форумдардың); кезекші топтарды қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі балалар мекемелері қызметін тоқтата тұру;
  5. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен скверлерге, алаңдарға, жағалауларға, қалалық демалыс саябағына және халықтың басқа да демалыс орындарына (жағажайларды қоспағанда) баруға рұқсат беру;
  6. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада (5 адамнан аспайтын) жеке және топтық жаттығуларға рұқсат беру;
  7. Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беру (30 адамнан асырмау, спорт базаларында тұруды ұйымдастыру);
  8. Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, келушілер ағынын реттей және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, ашық ауада аттракциондардың жұмысына рұқсат беру;
  9. InfoKazakhstan.kz cайтынан электрондық форматта берілген санитарлық нормаларға сәйкестік актісінің негізінде келесі нысандардың: сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар), сауда желілерінің, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың, ЅРА орталықтардың (салондардың), фитнес орталықтардың, спорт және жаттығу залдарының, спорттық-сауықтыру нысандарының, моншалардың, сауналардың, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, балаларға арналған түзету кабинеттерінің, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының, қоғамдық тамақтану нысандарының (үй-жайлардағы) қызметін қайта бастау;
  10. Батыс Қазақстан облысы аудандарының / Орал қаласының әкімдері, ҚР ҰКП «Атамекен» Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы, Батыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармалары басшылары қамтамасыз етсін:

1) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайты жұмысымен халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;

2) бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;

3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде нысандардың жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды;

4) «InfoKazakhstan.kz» электрондық порталының жұмысы іске қосылғаннан кейін, нысандар белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес нысандарының қызметін қайта бастауға арналған актіні электрондық түрде беру;

  1. Жұмыс уақыты мен режимі бойынша келесі шектеулерді белгілеу:

— мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80% «қашықтықтан» жұмыс түріне көшіру (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер бар жағдайда), жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу;

— ХҚКО онлайн режимде қызмет көрсетуге көшу, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді жазу бойынша жүзеге асыру (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін);

— медициналық орталықтар (жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін), сауда сөрелері арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс, азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс.

Жабық базарлар үшін қосымша шектеулер: толымдылығы нысанның сыйымдылығынан 30% артық емес (1 келушіге 4 ш.м. кем емес).

— сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер толымдылығы нысанның сыйымдылығынан 30% артық емес (1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін.

— азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп оралған түрде жүргізілуі тиіс);

— қоғамдық тамақтану нысандарына (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін) ашық ауада (жазғы алаңдар) және үй-жайда ұжымдық іс-шараларды өткізбей (30 орынға дейін, үстелдер арасында 2 метрден кем емес арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету, бір үстелге отырушылар саны 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істеуге, сондай-ақ белгіленген уақыт аралығында жеткізу және шығарып беру қызметтерін жүзеге асыруға рұқсат етіледі;

— банктік қызметтер, сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

— медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;

— балалар түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балалар мен ересектерге арналған курстар (5 адамнан аспайтын топтар) — жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін, жазылу бойынша;

— мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтары (саны 15 баладан аспайтын), жатын үй-жайлардағы кереуеттер арасында 1 метрден кем емес қашықтықты сақтай отырып;

— халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы нысандар (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т. б.), толымдылығын 50%-дан асырмай;

— сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар, ЅРА орталықтар (салондар), (нысанның толымдылығы 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде) — жұмыс кестесі алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— моншалар, сауналар (бассейндерсіз) — жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін (толымдылығын нысанның сыйымдылығынан 50%-дан асырмай, 1 келушіге кемінде 4 ш.м. есебінде);

— фитнес орталықтары, спорттық-сауықтыру нысандары, спорт және жаттығу залдары (бассейндерсіз) – алдын ала жазылу бойынша, жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін (толымдылығын нысанның сыйымдылығынан 50%-дан асырмай, 1 келушіге кемінде 5 ш.м. есебінде);

— халыққа байланыссыз қызмет көрсету нысандары: автожуу — сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін; ТҚКС, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары — сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

— бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокаттың қызметтері және нотариустың қызметтері, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), айырбастау пункттері, ломбардтар сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;

Сауда үйлері мен орталықтарының (бутиктер, павильондар), сауда желілерінің, жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарларының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық қызмет көрсететін нысандардың, ЅРА орталықтардың (салондардың), фитнес орталықтарының, жаттығу залдары мен спорттық-сауықтыру нысандарының, моншалардың, сауналардың, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың, ашық ауадағы аттракциондардың жұмысы келесі күндері (сенбі, жексенбі): 2020 жылдың 22, 23, 29, 30 тамыз күндері тоқтатыла тұрсын.

  1. Қоғамдық көліктің жұмыс кестесін белгілеу:

Қоғамдық көлік шектеулі режим аясында сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін, біркелкі қозғалыс кестесімен, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен жұмыс істейді.

Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) кіруге рұқсат етіледі.

Такси жеңіл көлігінің толымдылығы 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

Қоғамдық автокөліктердің жұмысы келесі күндері (сенбі, жексенбі): 2020 жылдың 22, 23, 29, 30 тамыз күндері тоқтатыла тұрсын (саяжай маршруттарына қызмет көрсететін қоғамдық автокөлікті қоспағанда, қозғалыс кестесін белгілеумен сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін, сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін).

  1. Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін:

— «Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

— персоналды, қызметкерлерді жеке қорғаныш құралдарымен (бетперде, қолғап) қамтамасыз ету;

— үй-жайлардың, ғимараттардың кіретін және шығатын жерлеріне санитайзерлер орнату;

— келушілерді, клиенттерді үй-жайларға бетпердесіз кіргізбеу;

— үй-жайлардың ішінде және сыртында адамдар арасында әлеуметтік қашықтықтың сақталуын бақылау, белгілердің болуын қамтамасыз ету;

— үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, дезинфекциялау және үй-жайларды желдету;

— келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық нысандардың кіре берісінде қашықтықтан байланыссыз термометрия (қол тепловизоры) жүргізу;

— жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (төлем карталары, телефондағы қосымша) үшін барынша жағдай жасау.

  1. БҚО полиция департаменті шектеу шараларын сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда материалдар тез арада аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларына жолдансын.
  2. Батыс Қазақстан облысы аудандарының / Орал қаласының әкімдері осы қаулының орындалуын қамтамасыз етсін.
  3. БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің келесі қаулыларының күші жойылды деп есептелсін:

— «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы» 2020 жылғы 4 шілдедегі №22-ПГВр;

«Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша  шектеу шараларын енгізу туралы» №22-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 15 шілдедегі №23-ПГВр;

«Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы» №22-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 16 шілдедегі №24-ПГВр;

«Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы» №22-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 тамыздағы №25-ПГВр;

«Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 4 шілдедегі «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы» №22-ПГВр қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 7 тамыздағы №26-ПГВр.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Н.Е.Мұстаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы 2020 жылғы 17 тамыздан бастап заңды күшіне енеді.