18.11.2020, 16:39
Қараулар: 68
Жол құрылысы ұлттық сапа орталығының бақылауында

Жол құрылысы ұлттық сапа орталығының бақылауында

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Казталов, Бөкей Ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын, ұзындығы 280 шақырым, республикалық маңызы бар жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Казталовтан Жәнібекке, одан әрі Бөкей Ордасы ауданының орта­лығы Сайқын ауылына дейінгі жол құрылысы 4 бөлікке бөлініп, 4 мерді­герге берілген. Казталов–Жәнібек–РФ шекарасы арасындағы автомобиль жолының 0-1, 4-138, 158-165, барлығы 142 шақырымы жөнделуде.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұловтың тікелей қолдауымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 наурыздағы  «Кейбір республикалық мемлекеттік мекемелерді, республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындарын қайта құру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №131 қаулысымен «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылған болатын. Құрылғаннан бері Кәсіпорын бүкіл республика бойынша жұмыс орындарына 20 мың инспекциялық сапар жүргізді, 15 мың тәртіп бұзушылық анықталды. Сондай-ақ 37 мың жол-құрылыс материалы таңдап алынды және сынақтан өткізілді. Сараптама нәтижелері бойынша 2,9 млрд. теңге көлеміндегі жұмысты қайта құру ұсынылды. Оның 2,4 млрд. теңгесі қайта ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.

Республикалық маңызы бар күре жолды күрделі жөндеуге қаржы көзі республикалық бюджеттен қарастырылған. Күрделі жөндеу нысандарында айналма жол салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Су өткізгіштерді (құбырларды) жөндеу жұмыстары басталды. Вахталық қалашық пен бетонқоспалауыш қондырғыны толық жұмылдыру, жол-құрылыс материалдарын дайындау бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

Биылғы жылы нысандардың аяқталуын тездету үшін жөндеу базасын нақтылауға қосымша қаражат бөлінді. Толық жөндеуді аяқтау 2022 жылға жоспарланған. Аудан тұрғындарына сан жылдар бойы арман болған тас жол мәселесі республика көлемінде көтеріліп, назарға ілінуі халыққа үміт отын жақты.

Гүлзара МӘДИ