2.07.2015, 6:25
Қараулар: 14
Тегісшілдегі ЕСКЕРТКІШ

Тегісшілдегі ЕСКЕРТКІШ

IMG-20150624-WA0000


Жәнібек ауданы Борсы ауылдық округіне қарасты Тегісшіл елді мекенінен 11 шақырым жерде, Қорған көлінің іргесінде сақталған құлпытас. Бұл ескерткішті тауып, суретке түсіріп, редакцияға жолдаған – Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің бас редакторы Ахмедияр Батырханов.


Құлпытас мәтіні:

1. … (құлпытастың жоғары бөлігі, доғаланып жазылған) – кәлима болуы мүмкін;

2. рихлат айлады (кішкене доғада);

3. Ноғай руғының Жолай

4. тайфесінің Айбынәлі (Есенәлі болуы да мүмкін);

5. Байболұғлы офат

6. 77 йашде 1908 йылде

7. Қойды бұ ташны баласы

8. Сұлтан мырза.

Түсіндірме:

Ескерткіш ноғай-қазақ руының Қояс тайпасына жататын Жолай бөлімінен шыққан адамға арналған. Бір қызығы, мұнда «ноғай-қазақ» емес, «ноғай» деп жазылған. Жоғары бөліктегі «рихлат айлады» сөзінің мағынасы – сапар шекті, о дүниеге аттанды дегенді білдіреді. Марқұм 1908 жылы 77 жасында дүниеден өтті делінгенмен, әдетте қазақ мұсылманша жыл санауы есебінен әр 30 жылға бір жыл (жас) қосып есептейді. Сондықтан құлпытас иесі 1831 жылы емес, 1833 жылы туған болуы мүмкін. Құлпытасты марқұмның Сұлтан деген баласы қойған.

Құлпытас мәтінін оқыған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ


Жаңалықтар

Басқа да мақалалар