17.11.2015, 15:08
Қараулар: 453
Құрмет көрсетті

Құрмет көрсетті


Аудан әкімі Мұрат Мұқаев жуырда Шымкент қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында оздырылған республикалық спартакиадада облыс намысын қорғап, бIMG_8040айрақты бәсекеде жалпыкомандалық есепте БҚО құрама командасының 3-орыннан көрінуіне үлестерін қосқан аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Роберт Биғалиев, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Абзал Қаратаев, аудан әкімдігінің ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің жетекші маманы Далида Акишованы, сондай-ақ, Алматы облысы, Жамбыл ауданында жыр сүлейі Сүйінбай ақынның 200 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Текті сөздің төресі» атты республикалық жыршы-термешілер арасында байқауға қатысып, «Үздік мәтін» аталымы бойынша үздік шығып, дипломант атанған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жақсылық Бисенғалиевті арнайы қабылдап, оларға сый-сияпат табыс етті.

-Сіздер аудан намысын республикалық жарыстарда абыроймен қорғай білдіңдер. Бұл – еселі еңбектің жемісі. Алдағы уақытта әлі талай биік белесті бағындарыңдар! – деді Мұрат Рахметұлы өз сөзінде. Аудан әкімінің қабылдауында болған мемлекеттік қызметкерлер өздерін ыстық ықыласымен жігерлендірген Мұрат Рахметұлының қолдауына ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетерлік жәйт, аталмыш спартакиадада аудан әкімі Мұрат Мұқаевтың өзі теннистен облыс құрама командасының сапында өнер көрсетіп, қола медальды қоржынға салған болатын.

Данияр ОСПАН.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар