17.11.2015, 15:26
Қараулар: 155
Тұрғын үйлер жаңғыртылып, жаңаланды

Тұрғын үйлер жаңғыртылып, жаңаланды

Аудан орталығында Қазақстан РеспубликSасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы»  №473 қаулысына сәйкес бұрнағы жылы және былтыр 5 тұрғын үй күрделі жөндеуден ( модернизация ) өткізілсе, соның төртеуі екі қабатты және біреуі төрт пәтерлік тұрғын үй болып саналады.  «Жәнібек Сәулет» ЖШС директоры Нұрман Түменовтың айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстарының алдында үй иелерінің келісімін алу туралы жиналыстар оздырылып,  хаттамалар тұрғызылған. Аталған пәтерлердің әрбір тұрғынымен үш жақты келісімшарт жасалып, мердігер ретінде Жаңақала ауданындағы «Аяла» ЖШС танылған. Үйлерге күрделі жөндеуді аталмыш ЖШС жүргізіп, нәтижесінде мекенжайлардың сыртқы қабырғасы, төбесі профлистпен қапталып, терезесі пластикалық материалдармен ауыстырылып, темір есіктер орнатылған.

Жөндеу жұмыстары аяқталған соң нысанды қабылдау актілері тұрғызылған. Қабылдау комиссиясына аудандағы құзіретті органдар, тұрғындар уәкілі, мүдделі бөлімдер басшылары және «Аяла» ЖШС директоры қатысқан.  Пәтер иелерімен қарызды қайтару жөнінде келісімшарт  жасақталып, қарызды қайтару кестесі тіркелген. Келісімшартқа сай, тұрғындардың қарызды қайтару жұмыстарын «Жәнібек Сәулет» ЖШС қадағалап отыр.

-Күні бүгін  қарызды қайтару 83,5 пайызға орындалды. Кейбір тұрғындар қарызды уақытында қайтармағасын сотқа жүгінуге тура келді. Қарызды қайтармаған 4 жеке тұлғадан соттың шешімімен 191 мың теңге өндіріліп алынды,-дейді «Жәнібек Сәулет» ЖШС директоры.

Н.ЕСЕНҒАЛИ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар