20.11.2015, 12:14
Қараулар: 165
Жол қауіпсіздігін сақтайық!

Жол қауіпсіздігін сақтайық!

«Нұр Отан» партиясыIMG_9012ның «STOP қылмыс» партиялық жобасы аясында «Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы» акциясы шеңберінде Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектепте оқушылармен насихаттық іс-шара болып өтті.

Шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сағынбек Стамов, аудандық ішкі істер бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы, полиция лейтенанты Азамат Әшекенов, аудандық орталық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Армангүл Аққойшина қатысты. Азамат Амангелдіұлы оқушыларға жолда қауіпсіздік сақтау ережелерін түсіндірсе, Армангүл Биболатқызы жол апатынан зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жайлы баяндады. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар қайтарылды.

Данияр ОСПАН.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар