7.12.2015, 10:57
Қараулар: 53
Қос ауданды абыройлы басқарды

Қос ауданды абыройлы басқарды

Жас келіп, шау тартқан шақта адам өзінің өткенбатырв мақсот өмір белестерін көз алдынан кино лентасындай өткізіп отырады екен. Өмірімде та
лай жандармен жолдас, қызметтес болдым. Сондықтан өткен күндерді еске алып, жастарға аға ұрпақтың үлгілі ісін, адами қасиетін айтып, жазып отыруды өзіме парыз санаймын. Біздің ауданда ерен еңбектің, азаматтық пен адамгершіліктің туын биікке көтерген жандар көптеп саналады. Солардың бірі-бүгінде көзі тірі, жасы сексеннің сеңгіріне шыққан, елге сыйлы азамат Мақсот Батыров.

Өз басым Мақсот ағамен туыс емеспін, тіпті, бір дастарханда да қатар отырмаппыз. Алайда мені оған жақындастырған ағаның адамгершілік қасиеті. Біз құралыптас жандардың балалық шағы соғыс шарпыған заманмен тұспа-тұс келсе, жастық кезеңіміз соғыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіру дәуіріне жалғасты. Мәкең жастайынан еңбекке шынығып өсті. Кеңестік кезеңде оқып, білім алып, еңбек жолын қатардағы мал дәрігерінен бастап, аудандық ауыл шаруашылық басқармасының бас дәрігеріне дейінгі дәрежеге жетті. Жоғары басшылық оны қандайма алғы шептегі жұмыстарға жұмсаса да, істі дөңгелентіп алып жүре білген. Қаршадай кезінен жастарға басшы болып, комсомол комитетінде қызмет істеген, бертін келе жетекшілік жұмыстарда ысылған оны колхоз төрағасы етіп те сайлаған. Басшылық қызметте белсенділігімен көзге түскен Мәкеңе облыстық партия комитетінің ұсынысымен жоғары партия мектебіне оқуға жолдама беріледі. Оны тәмамдап келгесін жігерлі жанды облыстық партия комитеті бюросының шешімімен біздің ауданның партия комитетін басқаруға жібереді. Жігерлі басшы басқарған жылдары Жәнібек ауданының экономикасы мен мәдениеті өркендеп, дамыды. Өзінің ақыл-парасатын ауданымыздың қарыштап алға басуына аянбай атсалысқан бірінші басшы, ел алдындағы перзенттік парызын абыроймен атқара білді.

Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысымен жақын таныстығым егін алқабында болып еді. Алғашқы егін орағының басталып, жұмыстың қызған шағында дала қосына келсем, есіктің алдында «Волга» автокөлігі тұр. Қостың ішіне енсем, қарсы алдымнан бірінші хатшыны көрдім, қасында совхоз директоры мен совхоз партия комитетінің хатшысы бар. Амандасып жатырмын. Сәлемімді ерекше ізетпен алған Мақсот Қажығалиұлы:-Ал есепші шыныңды айтшы, мына директорың егістіктің әр гектарынан 22 центнерден бидай аламын дейді, бұған сен не айтасың,-деп бетіме барлай қарады. Бірінші басшының бұл сұрағына орай, жаңа ғана комбайндарды егіске салып келіп тұрғанымды, егіннің шығымдылығы биыл жаман еместігін, сондықтан совхоз директорының ш
амалауының дұрыстығын айттым. Бұдан әрі қарапайым есеп бойынша егістіктің шығымын аудан басшысына барынша түсіндіріп бердім. Ол маған разы болып: «Міне, есепші деген осындай болу керек»,-деп менің атыма мадақ сөздер айтты. Осыдан бастап, ол мені кездескен жерде жазбай танитын болды. Аудан басшысының адамның ойын көзінен оқып тұратын қасиеті бар екенін онымен жұмыс жөнінде сөйлескен сайын біліп жүрдім. Сонымен қатар оның адамды өзіне еріксіз тартатын қасиетке ие екенін де танып, білдім…

Облыс басшылығы Мақсот Батыровты 1978 жылы біздің ауданнан Фурманов аудандық партия комитетіне бірінші хатшы қылып сайлады.
Ол бұл ауданның да экономикасы мен мәдениетін көтеруде бел шешпестен еңбек етіп, тұрғындардың ризашылығына бөленді. Осында ұзақ жылдар қызмет істеп, содан зейнетке шықты. Қос ауданды басқарып, жұртшылықтың шынайы құрметіне ие болған Мәкең қазір Орал қаласында тұрып жатыр.

Кәрім ХАЙРУЛЛИН.