10.12.2015, 17:11
Қараулар: 54
Елбасы Жолдауын тыңдады

Елбасы Жолдауын тыңдады

????????????????????????????????????

Жәнібек аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы теледидар арқылы тыңдалып, оған аудан әкімі Мұрат Мұқаев бастаған аудан активі қатынасты. Екі сағатқа жуық уақыт болған Елбасының Жолдауын жиналғандар тапжылмай тыңдап, әркім бұл тарихи құжаттан өзіндік ой түйді.

Елбасының Жолдауынан кейін аудан әкімі Мұрат Мұқаев сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бұл жолғы халыққа арнаған Жолдауы ең өзекті, қоғамдағы маңызы зор мәселелерді қозғағанын айта келіп, мұның өзі осы залда жиналған әрбір мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне дербес берілген тапсырма екендігін ұғыну қажеттігін мәлім етті. –Елбасының Жолдауын тағы да мұқият тыңдап, оқып, өзіміздің басты құжатымыздың бірі ретінде еске сақтап алуға тиістіміз. Ауданымызда бюджеттің орындалуы ойдағыдай деп айтуға болады. Салық жоспарын асыра орындадық. Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында  жуырда кәсіпкерлермен кездесіп, оларды  ақпараттандыру қажет, -деді аудан басшысы өз сөзінде.

 

Н.Өтей

Жолдауға қолдау

Басқа да мақалалар