30.12.2015, 9:17
Қараулар: 15
Елена Әбдіхалықованың ән кеші өтті

Елена Әбдіхалықованың ән кеші өтті

DSC_0002«Музыка мен ақындық сөз бір-бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайды» демекші, ақындық пен әншіліктің жүгін бірге көтерген, халықтың сүйікті әншісі, ақын, композитор, жыршы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елена Әбдіхалықованың ән кеші өтті.  Сахна төрінде Елена Мәжитқызы «Қазақстан» әнін шырқап, көпшіліктің көңілінен шықты. Ауыл тұрғындарын әнмен сусындатқан тағылымды кеште «Өздерің барда ағалар», «Бақыт туралы ән», «Доспен қоштасу», «Қазақ едім дегенше», «Ауыл қарттары», «Жанымды менің кім ұғар», «Ойлан, балам», «Көздеріңе ғашықпын», «Сыр елі», «Сүйсем деп ем», «Өмір деген кездесу мен қоштасу», «Есіңе мені алғайсың» әндерін қалықтатып, көрермендердің жүрегінен орын тапты. Құлақ құрышын қандырған думанды кешке жиналған жұртшылық әндерді бірге шырқап, бір серігіп қалды. Кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Біржан Қуанәлиев ат терлетіп келген қонаққа осындай әсерлі кеш сыйлап, көңілдің ажарын келтіргеніне ризашылығын білдіріп, естелікке жар суретін сыйға тартты. «Құлақтан кіріп бойды алған» концертке келген жұртшылық әсерлі кештің куәгерлері болғанына қуанып, жақсы көңіл-күймен тарқасып жатты.

                                                                                    Арайлым РАШИТҚЫЗЫ