16.06.2016, 17:28
Қараулар: 665
Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

DSC_0086 - копияАудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдоловтың төрағалық етуімен мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аудан активі, ауылдық округтердің әкімдері, мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер қатысқан жиынды ашқан Жақсылық Каримоллаұлы өз сөзінде: — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 23 маусым – мемлекеттік қызметкерлер күні болып белгіленді. Аталмыш мерекеге орай жиналып отырмыз. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен халық тарапынан берілген үлкен сенім мен аса жауапкершілік. Сол сенімге кір келтірмей, ел мүддесі үшін аянбай тер төгейік,- деген ыстық ықыласын білдірді.

Одан әрмен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова, ұзақ жылдар бойы кәсіпкерлік саласында абыройлы қызмет атқарған, бүгінде зейнеткер Наталья Сажина, Талов ауылдық округінің әкімі Марат Мұхамбетжанов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар мен міндеттер, ісіне деген тиянақтылық пен аса жауапкершілік жайында пікірлерін ортаға салды.

Арайлым КЕСЕКОВА