30.06.2016, 17:15
Қараулар: 33
Кітап әлеміне саяхат

Кітап әлеміне саяхат

DSC09192Жәнібек аудандық балалар кітапханасының ұйытқы болуымен №1 орта мектеп жанындағы жазғы балалар   лагерінің «Ералаш » тобымен «Кітап әлеміне саяхат» атты интеллектуалдық сайыс  оздырылды. Сайысқа 5 үміткер қатысып, өздерінің сүйікті жазушыларын атап, олардың шығармаларынан үзінділерді жатқа айтты. Шара барысында қай оқырманның кітапханамен үзбей қарым-қатынас жасайтыны, сондай-ақ кітап оқу арқылы сайысқа қатысушы оқырмандардың білімі мен біліктілігі анықталды. Сайыс қорытындысында жеңімпаздар шағын сыйлықтармен марапатталды. Соңынан «Қызықпен өткен жаз қызық» атты кітап көрмесі арқылы аудандық балалар кітапханасына жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасалды.

.                    Нұрымбек Жапақов