4.07.2016, 17:56
Қараулар: 708
Асфальт төселуде

Асфальт төселуде

DSC_0049Елбасымыз  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуды атап өткен болатын.

Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында Жәнібек ауданында асфальт зауыты салынып, жолды жөндеу жұмыстарын бастаған еді. Жолды жөндеу жұмыстарына тапсырыс беруші «Қазақ автожол» республикалық акционерлік қоғамы болса, жұмысты Алматы облысының  «РСУ-1» ЖШС жүргізіп жатыр.

-Жолға қажетті материалдарды тасымалдауға бірнеше көліктер жұмылдырылып, барлығы 34 жұмысшы қызмет атқаруда. Соның ішінде 14 адам Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жұмысқа алынды.  Жұмыс барысына тоқталар болсақ, күніне 500-600 метр асфальт төсеп жатырмыз. Негізі жол жөндеу жұмыстары 14 сәуірден басталса, асфальт төсеу жұмыстары маусымның 23-нен бастау алды. Қазіргі күні 8300 шақырым жолға асфальт төселді. Жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен 800 млн. теңге қаржы бөлініп, биылғы жылы 11км 500м шақырым жол толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырмыз, — деді учаскенің мастері Нұржан Жолдыбаев.

Арайлым РАШИТҚЫЗЫ