21.07.2016, 16:13
Қараулар: 126
Қоғамдық тәртіп сақшыларының қарымдылығы

Қоғамдық тәртіп сақшыларының қарымдылығы

i - копияЖәнібек ауданында  жергілікті полиция қызметінің құқық бұзушылықтың алдын-алу, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар  атқарылуда. Соның ішінде заңға сәйкес қоғамдық тәртіп сақшыларымен бірлесіп жұмыс істеуде алға басушылық байқалады. Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Ернар Сұлтанғалиевтің мәліметі бойынша Жәнібек, Күйгенкөл ауылдық округтерінде сәйкесінше 6 және 5 қоғамдық тәртіп сақшысы болса, Жақсыбай мен Ұзынкөл ауылдарының әрқайсында олардың саны екі-екіден келіп, аудан көлемінде барлығы 15 азамат қоғамдық тәртіпті реттеу жұмыстарына қатысуда. Олар аталған ауылдардағы учаскелік полиция инспекторларымен бірге тірек пунктінде кезекшілікте болып, қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосуда. Осы уақытқа дейін қоғамдық тәртіп сақшыларының қатысуымен 75 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып отыр.

Н.Жапақов