22.07.2016, 15:31
Қараулар: 154
Мал өнімдерін өндіру артып келеді

Мал өнімдерін өндіру артып келеді

photo_17988 - копияЖәнібек аудандық статистика басқармасының басшысы Қуаныш Исмағұловтың  берген мәліметіне қарағанда ауданда мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру жылма-жыл артуда. Мәселен үстіміздегі жылдың алты айлығындағы қорытынды бойынша 2276,9 тонна ет өндіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,8 пайызды құраған. Биылғы  алты айдың қорытындысында, сондай-ақ 4426,4 тонна сүт дайындалып, ол былтырғы есепті мерзіммен салыстырғанда 102,7 пайызды құрайды. Ал биылғы жарты жылдықта 763,3 мың дана алынған жұмыртқа өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызды құрап отыр.

Н.Жапақов

Мал шаруашылығы

Басқа да мақалалар