25.07.2016, 15:22
Қараулар: 25
Республикада – үшінші

Республикада – үшінші

IMG-20160721-WA0000 - копияСпорт – ел намысы, байрақты бәсеке. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері облыстық жарыстарда спорттың қай түрінен де өздерін тек жүлделі орындардан көрсетіп жүр.

Жақында аталмыш мектептің балалары волейболдан Шымкент қаласында өткен ұлдар арасындағы (мектептік лига) «Шұбар доп» республикалық турниріне облыс атынан қатысып қайтқан болатын. Еліміздің әр аймағынан жиналған командалардың байрақты бәсекесінде жерлестеріміз лайықты өнер көрсете білді. Турнир барысында олар көптеген командаларға мықты қарсылас болып, тіпті талайын жолда қалдырды.

Сөйтіп, сегіз команданың арасынан алға тек алаң иелері – Шымкент және Астана қалаларының командаларын жіберіп, жүлделі үшінші орынға табан тіреді. Осылайша, жас волейболшыларымыз өздеріне артылған сенімді ақтап, республикалық деңгейде облыс намысын абыроймен қорғады. Сонымен бірге аудан тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Осы ретте балаларды волейболға баулып, бар білгендерін үйретіп, тәжірибелерімен бөлісіп жүрген Назарбек Ишанқұлов, Нұрболат Хисин сынды жаттықтырушылардың еңбектері де атап өтуге әбден лайық.

Турнир қорытындысында команда ойыншылары диплом, медаль және кубокпен марапатталды.

Сенбі күні ауданымызға жүлдемен оралған волейболшыларымызды аудан әкімдігінің, аудандық білім беру бөлімінің, спорт мектебінің қызметкерлері мен ата-аналар құшақ жая қарсы алып, жүлделі орындарымен қызу құттықтады

Асқар ҚҰСАЙЫНОВ