26.07.2016, 18:52
Қараулар: 22
Жағдай жасауға міндетті

Жағдай жасауға міндетті

IMG_4160 - копияЖәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешевтің төрағалығымен Жәнібек ауданы бойынша мүгедектер істері жөніндегі кеңестің отырысы өткізіліп, оған аталмыш кеңес құрамының мүшелері және коммерциялық нысандардың басшылыры қатысты.

Кеңестің күн тәртібінде «Әлеуметтік құрылыс нысандарына қозғалу қиындығы бар мүгедектердің қолжетімділігін арттыру үшін атқарылып жатырған жұмыстар туралы» аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов, «2016 жылға бөлінген мүгедектерге берілетін тегін дәрі-дәрмектер және қызмет түрлері, көрсетілетін жеңілдіктер, берілген квота саны туралы» аудандық орталық аурухананың психологі Лаида Ахмурзина хабарламалар жасады.

Онда мүгедектердің күнкөріс сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін халықаралық стандарттарға сай кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстарын қолға алу қажеттілігі, сондай-ақ мүгедектіктің алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, оларды медициналық оңалту, тегін дәрі-дәрмекпен қамту және көрсетілетін жеңілдіктер қызметтерінің сапасын көтеру жөнінде кеңінен сөз болды.

А. ЕСІРКЕПОВ