28.07.2016, 10:07
Қараулар: 49
«Мүлдем төзбеушілік» қағидалары жүзеге асуда

«Мүлдем төзбеушілік» қағидалары жүзеге асуда

1401871859_pic_1358636640 - копияЖәнібек ауданында тәртіпсіздік пен құқықбұзушылықға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын іске асыру мақсатында аудандық ішкі істер бөлімінде бірқатар жұмыстар атқарылған. Аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Сұлтанғалиевтың мәліметіне сүйенсек саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орында коммуналдық қалдықтарды шығару  бойынша 32 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданған. Сонымен қатар елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін, елді мекендер инфрақұрылымы нысандарын  бұзу әкімшілік құқықбұзушылық  бағытында 49 әкімшілік хаттама толтырылған. Сол сияқты белгіленген жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегу бағыты бойынша 44 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған.

Н.Жапақов