4.08.2016, 9:38
Қараулар: 140
Халық қалаулылары Жәнібекке келді

Халық қалаулылары Жәнібекке келді

IMG_4452 - копияЖәнібек ауданы әкімдігінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне байланысты аудан активі жиналысы оздырылды. Жиынды аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ашып, Елбасының қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі бес инстуционалды реформасын іске асыру мақсатында Ұлт жоспарын түсіндіру және насихаттау жөнінде шаралар қолға алынып, осы орайда ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Рашит Ахметов пен  Ерболат Мұқаевтың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатировтың қатысып отырғанын баяндады. Актив жиналысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Р.Ахметов пен Е.Мұқаев индустриялық-инновациялық дамудың «100 нақты қадамда»  көрсетілген бөлімдеріне сәйкес елімізде жүзеге асып жатырған жұмыстарды мәлім етті. Халық қалаулылары ішкі өнімді өсіру,шетелден алатын тауарларды азайту қажеттігіне кеңінен тоқталып, бұл жөнінде өркениетті елдердің жетістігін атап көрсетті. Сол сияқты Ресейден алынатын судың бағасы жыл сайын өсіп жатырғандығына байланысты қаржы сұралғандығын, сондай-ақ Жәнібек пен Сайқын бағытындағы  тоқтайтын жолаушылар пойызының мәселесін шешу жағы қарастырылып, бұл тұрғыда екі елдің министрлері бір тоқтамға келетінін, сонымен қатар осы екі ауданға жолаушылар таситын ұшақ шығаруға қаржы  бөлу жайы да талқыға түскенін, ал Оралмен екі ортадағы жолға жылына 20 шақырым асфальт төсеу мәселесі тиісті ведомостволар алдына қойылғанын,  сондықтан аталған мәселелерге үмітпен қарау қажеттігін  баян етті. Бас қосу барысында аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев халық қалаулыларынан облыс орталығына қатынайтын жолды асфальттауды тездету, Вишневкамен арадағы 6 шақырым жолды тегістеу, Ресейден канал арқылы  келетін Еділ суына қажетті қаржы мәселесін шешуді сұраса, кәсіпкер Бауыржан Сабанов кәсіпкерлер үшін күрмеуі қиын бірнеше мәселелерді депутаттар алдына қойып, мұны заңға енгізу жайын сөз етті. Ал аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың директоры Сағынбек Стамов аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жобасы дайын тұрғандығын, оны салып, пайдалануға беру үшін депуттардан қаржы жағынан көмек беруін өтінді.

Актив жиналысын аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы қорытындылап, халық қалаулырына жәнібектіктер атынан сәттілік тіледі.

Н.Жапақов