26.09.2016, 12:48
Қараулар: 33
«Әділет кеңес береді» акциясы өтті

«Әділет кеңес береді» акциясы өтті

20160923_102938-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында «Әділет кеңес береді» республикалық акциясы аясында қоғамдық қабылдау өткізілді. Бұл шараның мақсаты – тұрғындарға құқықтық кеңес беру, партия мен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, ауыл тұрғындарының шешімін таппай жүрген мәселелеріне көмек көрсету арқылы бағыт-бағдар беру.

Акция шеңберінде бұл жолғы оздырылған қоғамдық қабылдауды әділет басқармасының басшысы Арман Нұрымбаев, аудандық прокуратураның прокуроры Азиз Нияров және халыққа қызмет көрсету орталығы РМК БҚО бойынша филиалының Жәнібек ауданы бойынша бөлімінің басшысы Райгүл Шагирова қабылдау жүргізіп, өздерінің жеке мәселелеріне байланысты сауалдарға нақты жауаптар алды.

                                                                                                                                             Арайлым КЕСЕКОВА