17.10.2016, 9:35
Қараулар: 165
Спортшылар жеңіспен оралды

Спортшылар жеңіспен оралды

img-20161013-wa0009-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8fҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ұлттық спорт  түрлерінен 1995-2000 жылы туған жастар  арасында аударыспақ пен теңге ілуден оздырылған ашық қала  біріншілігіне ауданымыздан  спортшылар барып келген болатын.

«Біріншілікке тоғыз спортшы  апарып, олардың  ішінен  аударыспақтан 60 келі салмақ дәрежесінде  Сұлтан Уәлиханов II орын, 70 келі салмақ дәрежесінде Алмат Оразбай II орын, 70 келіде Мақсот Ғалым III орындар алса,  Мирас Берікбаев «Жеңіске деген жігері үшін» мадақтама грамотамен марапатталды»,- дейді  аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Көкпар» тобының  жаттықтырушысы  Бейбіт Аронов.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА