17.10.2016, 9:51
Қараулар: 129
 » 
«Тазша бала» байқауында тапқырлық танытты

«Тазша бала» байқауында тапқырлық танытты

img-20161013-wa0008-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8fҚазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандарын кеңінен насихаттау, оқушы ойының көкжиегін кеңейтіп, қиял-ғажайып әлемін биіктету, кестелі тілді, әдемі әзілді, ұтқыр тапқырлықты  насихаттау мақсатында  10 жастан 30 жасқа дейінгі  жастар қатысқан облыстық «Тазша бала» байқауы оздырылған болатын.

Күлдіргі  ат жамылып өзін «Таныстыру»,  «Сөз сойыл» (белгілі сатириктердің  шығармаларын орындау), «Тазшаға тоғыз өнер де аз» (пародия, пантомима, этюд, монолог т.б. ерекше жанр бойынша өнер көрсету), «Мағынасы майысқан мақалдар» (таңдап алған  тақырып бойынша  бір минутта  мақал-мәтелдерді әзілмен бұрмалап айту) бөлімінен тұратын  сайыста  Өтепқали Сақыпов атындағы ЖББОМ-ның  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кәкима Әліпқалиева дайындаған 11-сынып оқушысы Рауль  Мақсотов III орын алды.

Меңдігүл ФАЗЫЛОВА