17.10.2016, 16:37
Қараулар: 102
 » 
Ән жырымның арқауы-Тәуелсіздік

Ән жырымның арқауы-Тәуелсіздік

 

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Елдің еңселі мерейтойы қарсаңында аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Ән жырымның арқауы-Тәуелсіздік» атты «Балдәурен» сәби-балабақшасы ұжымының мерекелік концерті оздырылды. Концерт Балжан Құндызбаеваның орындауында «Туған жер» әнімен басталды. Әрі қарай Мағжан Жұмабаетың «Қазақ тілі» өлеңін Шалқу Байғазиева нақышына келтіре оқып, мың бұралған биші топтың «Бипыл», «Шаңырақ»,  «Ұлттар» атты билерімен жалғасты. Шарада Лаура Әубекерова «Туған жер», Динара Емзалиева «Желтоқсан желі», «Ауылым», Шалқу Байғазиева «Егемен Қазақстан» әндерін әуелете шырқады. Скрипкада Шалқу Байғазиева мен фортепианада Гүларман Шурина екеуі «Секрета Гадна» композициясын орындап жиналған қауымды бір серпілтіп тастады. Сахнада бір топ балабақша қызметкерлерінен құралған «Флешмоб» ұйымдастырылып көрермендердің ізгілікті ілтипатына бөленді. Концерт соңында фортепианада Гүларман Шурина мен дирижер Мейрамгүл Дәулетқалиеваның сүйемелдеуімен «Туған ел», «Атамекен» атты хор айтылды. Балабақша қызметкерлері бала тәрбиесімен бірге бойларындағы таланттарын халыққа паш етіп, тамаша өнер көрсетті.

М.Сырымов