25.10.2016, 9:26
Қараулар: 123
Таңертеңгілік жаттығулар жасады

Таңертеңгілік жаттығулар жасады

     

 dsc02278-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8f№1 жалпы білім беретін орта мектепте қысқы универсиадаға 100 күн қалуына орай мектеп мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен жалпымектептік таңғы жаттығу спорттық сағаты өтті. Ол мемлекеттік әнұранмен ашылды.

Шара барысында енді тура 100 күннен кейін, яғни 2017 жылғы 29 қаңтар – 8 ақпан аралығында  Алматыда әлем студенттерінің қысқы ойындары – универсиаданың өтетіндігі, универсиада – халықаралық студенттер спорты федерациясының аясында өтетін студенттер арасындағы халықаралық спорт жарыстары екендігі, Қазақстанның универсиадаларға тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылдан қатыса бастағандығы, 2011 жылы Брюссельде 2017 жылғы қысқы универсиаданың астанасы болып Алматы қаласының жарияланғандығы туралы айтылды.

Ертеңгіліктің салтанатты ашылуынан кейін, бірыңғай спорттық киіммен келген қатысушылар сап түзеп, ырғақты музыка әуенімен таңертеңгілік жаттығулар жасады. Шара өз мақсатына жетіп, қатысушылардың бойларымен бірге ойлары да сергіді.

М.Сырымов