25.10.2016, 12:02
Қараулар: 74
Ардақты ардагерлер жарады

Ардақты ардагерлер жарады

20160629_115645-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%8fҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданымызда бұқаралық спортты дамыту, ұлт саулығын жақсарту, саламатты өмір салтын насихаттау бағытында  игі шаралар өз жалғасын табуда. Жыл басынан бері зейнеткерлер арасында бекітілген жылдық шаралар бойынша спорттық жарыстар өткізіліп келеді. Атап айтар болсақ, мемлекет және қоғам қайраткері М.Ықсановтың 90 жылдығына байланысты облыстық волейбол турнирінде ауданымыздың командасы II орын алды. Шахмат ойынынан аудандық жарыстарда  С.Масанов I орын, З.Сабырғалиев II орын, Н.Елеуов III орындарға табан тіреді. Бильярдтан Т. Ғұсманов I орын, Ғ. Дегетаев II орын, У.Сариев III орындарды иеленсе, пневматикалық винтовкадан ату сайысында Қ. Шаматов I орын, Е. Құбашев II орын, М. Биғалиев III орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталды.

М.Сайынұлы