25.10.2016, 12:30
Қараулар: 72
Атқарылған жұмыстарды баяндады

Атқарылған жұмыстарды баяндады

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында «Ықсанов» бастауыш партия ұйымының соңғы екі жыл ішінде атқарған жұмысы туралы есеп беру жиыны өтті. Жиналысқа «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова және аталған ұйым мүшелері қатысты.

«Ықсанов» БПҰ төрағасы Айдынғали Есенғалиевтің берген мәліметіне сүйенсек, аталмыш ұйым құрамында қазіргі таңда 186 адам бар. Ұйым мүшелері аудандағы мерекелік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне біркісідей атсалысып жүр. Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындар иемденіп, аудан мерейін үстем етуде. Төрағаның айтуынша, аудандағы мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып отырады. Мәселен, Ақоба, Ұзынкөл, Борсы, Жақсыбай, Қамысты ауылдық мәдениет үйлеріне соңғы жылдары 2 млн 500 мың теңгеге музыкалық аппарат және 600 мың теңгеге ұлттық киімдер сатып алынған. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің шатырын жөндеу жұмыстарына 19 млн, жазғы демалыс саябағын қайта жөндеуге 15 млн теңге қаражат бөлінген. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға әртүрлі көмектер көрсетілген.

Басқосу барысында «Ықсанов» БПҰ-ның төрағасы болып Айдынғали Есенғалиев қайта сайланды. Сондай-ақ, төрағаның орынбасарлары мен аумақтық филиал конференциясына делегаттар сайланды. Мұнан соң «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев жиынға қатысушыларға партиялық кадр резерві туралы мағлұмат беріп өтті.

Д.ЗЕННАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар