24.02.2017, 18:00
Қараулар: 640
«ЕХРО-2017» – абырой мен бедел биігі

«ЕХРО-2017» – абырой мен бедел биігі

800 Биылғы жылы  еліміздің бас қаласы Астана қаласында бүкіләлемдік   «ЕХРО —  2017» көрмесі өткелі отыр. Осыған орай аудандық орталықтандырылған  кітапханада ақпараттық библиография бөлімінің ұйымдастыруымен «ЕХРО-2017» – абырой мен бедел биігі» атты шара өткізілді.

Аталмыш  шараға Т.Жароков атындағы ЖББОМ оқушылары мен ұстаздар, кітапхана ұжымы қатысты. Шара барысында слайд арқылы  ЕХРО тарихына шолу жасалып,  EXPO-2017   халықаралық мамандандырылған көрмесін  Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі болып саналатыны айтылды.   Оқушылар   тақырып аясында  өз  пікірлерін  ортаға  салып, ақын К.Салықовтың «Астанада ЕХРО-2017 көрмесі» атты өлеңін 10-сынып оқушысы Алтынай Мустафина мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар «ЕХРО-2017 – Қазақстанның  жаңа мүмкіндігі» атты мерзімді басылымдардан жасақталған көрме оқырмандарға таныстырылды. Шараны аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Ж.Мустафина қорытындылап,  қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.

А.КЕСЕКОВА