10.03.2017, 18:00
Қараулар: 17
Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы

 

IMG_5856 - копия (2)Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясы оздырылып, онда Жәнібек ауылдық округінің ағымдағы мерзімде әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Азамат Қажығалиев, Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің жұмысы туралы аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернар Сұлтанғалиев, аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және 2016 жылы ауданның елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев хабарламалар жасады. Сессияда, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов  «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағын ауданда ұзақ жылдар басшылық қызмет атқарған, қазір зейнеткер Сара Ғұбашқызы Ихсановаға беру туралы хабарлама жасады. Аудандық мәслихаттың кезекті он екінші сессиясында,  сондай-ақ «Жәнібек аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы, аудандық құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы, Жәнібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы №22-2 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссияның құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою туралы,  аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №11-2 «Жәнібек ауданы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімін жою туралы   мәселелер қаралды. Сессияға аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин қатысып сөз сөйледі.

                                                                           Н.Өтей