24.03.2017, 9:24
Қараулар: 177
Сот жүйесіне сенім зор

Сот жүйесіне сенім зор

20170318_102740 - копия (2)Жәнібек аудандық сотында «100 нақты қадам»-болашаққа құрылған жүйелі жоспар» атты тақырыпта дөңгелек үстел оздырылып, оған аудандағы құқық қорғау саласының басшылары қатысты. Жиынды аудандық соттың судьясы Нұрмұханбет Жұмәлі ашып, жүргізіп отырды. Ол бүгінгі таңда еліміздің сот жүйесінде Ұлт жоспарын жүзеге асыруда көптеген іргелі істердің атқарылып жатқанын, сот жұмысының жариялылығын, азаматтардың сот ақпаратына қол жетімділігін қамтамасыз етіп, қоғамның сот жүйесіне сенімділігін арттыруда қазіргі заманғы технологиялық құралдардың күнделікті өмірге дендеп енгенін баян етті. Дөңгелек үстел басында сөз алған аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ертай Қарағойшиев,  аудандық әділет басқармасының басшысы Руслан Сәрсенғалиев, аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұралиев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Елбасының сот жүйесінің алдында қойған міндеттері толықтай іске асырылып жатқанын айқын мысалдар келтіре айтып, алдағы уақытта жұртшылықтың сот жүйесінен күткен үміті орындала беретініне сенімді екендіктерін жеткізді.

                                                                                    Н.Жапақов