28.03.2017, 15:41
Қараулар: 36
Алғыс хатпен марапатталды

Алғыс хатпен марапатталды

IMG_6293 - копия2017 жылдың қаңтар айынан бастап  республикалық әдістемелік-педагогикалық «Ғылымға кіріспе. Оқушылардың ғылыми жобалары. Введение  в науку. Научные проекты учеников»  атты журнал  жарық көрді.  Аталмыш журналдың тұсаукесер санының  алғашқы нөмірінде әріптесіміз, Жәнібек аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі, А.Оразбаева атындағы ЖББНМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Меңдігүл Фазылова мен  шәкірті  Құттыбек  Шарафутдиновтың  «Ауданымыз  Ұлы Отан  соғысы  жылдарында» тақырыбындағы  тарихи тың деректерге негізделген ғылыми жобасы жарияланды.

Оқушысының шығармашылық жұмысына  жетекшілік жасап, зерттеуге баулығаны үшін   Меңдігүл Ғарифоллақызы аталмыш басылымның  бас  редакторы  Фарида Әбиеваның    алғыс хатымен марапатталды.

«Ғылыми жұмыс, ғылыми ізденіс шығармашылық қызметтің шығар шыңы. Шынайы шығармашылық  адамды қайта  жаңғыртады, қанаттандыра түседі. Шығармашылық жұмысыңнан алған рақаттан артық рақат бар ма екен, сірә!» деп  кемеңгер ғалым Е.Букетов айтпақшы, әріптесімізге мықты денсаулық, қайтпас жігер тілеп, шығармашылық тұрғыдан шыңдала  беріңіз дейміз.

Редакция ұжымы

Құттықтаймыз

Басқа да мақалалар