10.04.2017, 17:06
Қараулар: 29
Жәнібек ауданы – Сталинград майданының жақын тылы

Жәнібек ауданы – Сталинград майданының жақын тылы

IMG_6463Т. Жароков  атындағы ЖББОМ-да  ауданның білім ордаларында тарих пәнінен сабақ беріп, өлке тарихына қызығушылық танытатын ұстаздардың қатысуымен «Жәнібек ауданы – Сталинград майданының жақын тылы» атты ғылыми-тәжірибелік шығармашылық байқауы   оздырылды. Шараны ашқан аудандық  білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің тарих пәнінің әдіскері Мира Дүйсекенова байқаудың шарттары, әділқазылар алқасының құрамымен таныстырып өтті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Жәнібек жерін соғыс оты шарпып өткенін, сонымен қоса Жәнібек ауданы Сталинград майданының жақын тылы болғанын шығармашылық еңбек арқылы жеткіншек ұрпаққа таныту, тәуелсіз еліміздің төл перзенттеріне патриоттық тәрбие беру, отаншылдық рухта баулу, қан майданда тобықтан қан кеше жүріп, жеңіс жалауын желбіреткен майдангерлерді дәріптеу мақсатында оздырылған байқау барысында  сегіз материал түсіп,  алдын ала құрылған қазылар алқасының қатаң сұрыптауынан өткен төрт жұмыс жұртшылыққа  ұсынылды.

Шара барысында Т.Жароков  атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Жасқайрат Қарғин  «Жәнібек ауданы – Сталинград майданының жақын тылы»,         Ө.Сақыпов атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Роллан Исатаев  «Жәнібек ауданы – Ұлы Отан соғысы жылдарында»,  М.Ықсанов атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Альбина Шанкишева «Сталинград майданы және Батыс Қазақстан облысы»,  Ғ. Абдоллин атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Қайрат Кенжеғалиев «Жәнібек Сталинград майданының жақын тылы» атты баяндамаларында тақырыпты жан-жақты аша білуге тырысты.

Байқау қорытындысында Ғ. Абдоллин атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Қайрат Кенжеғалиев бірінші, Т. Жароков  атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Жасқайрат Қарғин екінші, М.Ықсанов атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Альбина Шанкишева үшінші орынға ие болса, Ө.Сақыпов атындағы ЖББОМ-ның тарих пәнінің мұғалімі Роллан Исатаев   белсене қатынасқаны үшін алғыс хатқа ие болды. Жүлдегерлерге дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Меңдігүл ҒАРИФОЛЛАҚЫЗЫ

Түсініктеме

Əріптестеріміздің жүлделі орындары құтты болсын! Альбина Темірханқызы Ықсанов мектебінің жаңашыл ұстазы. Еңбегі жана берсін.