20.04.2017, 15:07
Қараулар: 216
Үш айдың жұмысы қорытындыланды

Үш айдың жұмысы қорытындыланды

IMG_6867 - копия (2)Жәнібек аудандық сотында биылғы 3 айдың жұмысын саралап, талдауға аналған брифинг оздырылды. Онда аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Н.Жұмәлі үстіміздегі жылғы үш айда атқарылған істерге тоқталды. Оның айтуынша, есепті мерзімде азаматтық істер бойынша 32 арыз түсіп, 29-ы қаралса, соның ішінде 4 іс медиациямен қысқартылған. Сондай-ақ, қылмыстық істерге сәйкес 6 адамға қатысты 4 істің үшеуі үкім шығарумен аяқталған. Есепті уақытта 78 әкімшілік іс түсіп, 74-і қаралып, соның ішінде 2-уіне ескерту беріліп, 9-ына айыппұл салынса, 32-сі қамауға алынып, 10-ы көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Ал 20 әкімшілік іс татуласуына байланысты қысқартылған. Аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы, сондай-ақ аудандық сотта бұдан басқа да атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

                                                                         Н.Өтей